Әлеуметтік педагогтер қауымдастығының жұмысы

Әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес 2023 жылғы 15 ақпанда әлеуметтік педагогтер қауымдастығының бірінші отырысы өтті.

Отырысқа Әдістемелік орталықтың Тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің әдіскері, Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінің әлеуметтік педагогтері қатысты.

Отырысты Әдістемелік орталықтың Тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің әдіскері К.К. Абеуова ашты. Куралай Кенжеболатовна педагогтерді күн тәртібімен таныстырып, қауымдастықтың 2023 жылға арналған мақсаттары және міндеттерімен таныстырды.

Әлеуметтік педагогтер қауымдастығының қызметі мен функциялары туралы қауымдастық төрағасы, №32 мектеп-гимназиясының  әлеуметтік педагогі Н.И. Мамедова айтып өтті.

Әдістемелік орталықтың Тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің әдіскері С.С. Токсанова 2022 жылғы жұмысқа қысқаша талдау жасап, қауымдастықтың 2023 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды. Отырыс барысында қауымдастық мүшелері жұмыс жоспарын қарастырып, бекітті, сондай-ақ әлеуметтік педагогтерінің озық жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату, педагогтерге арналған маңызды іс-шаралар, педагогтірдің біліктілігін арттыру және т.б. мәселелерді талқылады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған