Қостанай қаласынан келген білім беру ұйымдарының басшыларына танысу жұмысы жүргізілді

2023 жылғы 15 ақпанда Қостанай қаласынан келген білім беру ұйымдарының басшылары танысу жұмысын №46 балабақша-мектеп-гимназиясында және №95 «Алматы» балабақшасында жалғастырды.

№46 балабақша-мектеп-гимназиясында «DSD-мектебі», «Global scholars» халықаралық жобаларының жүзеге асырылуы практикада көрсетілді. және балабақшадағы «Көп мәденитетті орта құру» эксперименттік алаң жұмысы барысымен танысты.

Сонымен қатар, келген қонақтарға №95 «Алматы» балабақшасы республикалық «Өсу нүктесі» инновациялық пилоттық жоба бойынша 7 өнер және құм терапиясы, тұз шахтасы, букросинг, ипотерапия-шабандоз сияқты дамытушы орталардың жұмыстарын көрсетті.

Сондай-ақ, қонақтар Әдістемелік орталық қызметкерлерімен кездесіп, ашық диалог алаңында пікір алмасты. Орталық қазметкерлері білім беру ұйымдарында инновациялық жұмыстарды жүргізуді үйлестіру тәжірибелерімен, білім беру саласындағы зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті.

Екі күндік семинар бойынша қонақтар кері байланыс беріп, ынтымақтастық орнатуға ниет білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған