2023 жылғы 10 ақпан күні педагог-кәсіби бағдар берушілерге арналған «Мектепте кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастырудағы кешенді тәсіл» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Семинардың мақсаты: педагог-кәсіби бағдар берушілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Семинар барысында Әдістемелік орталықтың Тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің әдіскері Э.А. Ибраева мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының маңыздылығы, осы бағыттағы ағартушылық жұмыстың қажеттілігі туралы айтып өтті. № 22 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.К. Нұрғалиева бейін алды қызметтің басым бағыттарын көрсете отырып, «Мектептегі кәсіби бағдар беру жұмысының моделі» тақырыбында сөз сөйледі. №22 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Т.М. Столярова «Амалтея» бағдарламасының мүмкіндіктері туралы айтып өтті. №22 мектеп-гимназиясының педагог-кәсіби бағдар берушісі Т. Полатқызы мамандықтар атласы, ең өзекті және сұраныс төмен мамандықтар туралы баяндады. Қапанова Г.К., Әдістемелік орталықтың психологиялық сүйемелдеу бөлімінің басшысы мектеп түлектері алдында тұрған өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтаудың психологиялық проблемалары және олардың болашақта қалыптасуына қалай әсер ететіні туралы айтып өтті.
Педагогтерге кәсіптік бағдар беру диагностикасын жүргізу кезіндегі автоматтандырылған бағдарламалардың мүмкіндіктерін көрсету мақсатында практикалық экскурс ұйымдастырылды.