Хореографияның түрлі бағыттарын оқытудың заманауи педагогикалық технологиялары

2023 жылғы 10 ақпан күні педагог-хореографтарға арналған «Хореографияның түрлі бағыттарын оқытудың заманауи педагогикалық технологиялары» тақырыбында семинар-практикум өтті.

Семинардың мақсаты: педагог-хореографтың кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Семинар барысында Алиева Гульнар Жумабаевна, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақ ұлттық хореография академиясының классикалық би бойынша педагогі «Қосымша білім беру жүйесіндегі классикалық би элементтерін үйретудің ерекшеліктері» тақырыбында сөз сөйлеп, шеберлік сынып көрсетті. Сондай-ақ, Дон Гүлмира Сергеевна, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Қазақ ұлттық хореография академиясының халықтық-сахналық би бойынша педагогі жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, «Халықтық-сахналық биді оқыту әдістемесі» тақырыбында шеберлік сынып көрсетті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *