ITLS – интерактивті тапсырмалардың білім беру сервисі

Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының білім беру саласындағы талдау және зерттеу бөлімі мен әлеуметтік серіктестігі «Logitex» компаниясы 3-13 ақпан аралығында «ITLS – интерактивті тапсырмалардың білім беру сервисі» жобасын және орта білім беру ұйымдарын әдістемелік қолдау бағдарламасын іске асыру аясында оқыту семинары өтті.

Семинарға №№ 1, 8, 11, 13, 14, 23, 36, 40, 42, 46, 47, 88 орта білім беру ұйымдарынан 103 педагог қатысты.

Педагогтер интерактивті сабақты жобалаудың жаңа құралымен танысты. Жоба ағымдағы жылдың 3, 4-тоқсандарында жалғасады. Жоба қорытындысы бойынша жоғарыда аталған білім беру ұйымдары педагогтерінің үздік интерактивті сабақтарды ұсынады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *