Жасөспірімдер арасында буллингтің алдын-алу. Әр ата-ана нені білуі тиіс?

             2023 жылдың 9 ақпан күні №14 мектеп-гимназия базасында  Білім  басқармасының ұйымдастыруымен  ата-аналар жиналысы  өтті. Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік  орталық»  психологиялық  сүйемелдеу  бөлімі әдіскері Т.Сатымбекова  ата-аналарға арналған «Жасөспірімдер арасында буллингтің алдын-алу. Әр ата-ана нені білуі тиіс?» тақырыбында  психологиялық кеңес берді. Ата-аналар жиналысына  52 ата-ана қатысты.

  Жиналыстың мақсаты:  « Құқықтық санасы мен мәдениеті жоғары  деңгейде дамыған тұлғаны  қалыптастыруда  ата-аналарға бағыт беру»

  Жиналыста ата-аналарға жас ұрпақты буллинг пен қатыгездікпен,   сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік және психикалық денсаулығына зардабын тигізетін ақпараттың теріс әсерінен қорғау туралы түсіндірді.

            Ата-аналар өзекті мәселе туралы өздерінің ойларын ортаға салып,   сұрақтарына  жауап  алды, психолог  кеңесіне  алғыстарын  білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған