2023 жылғы 9 ақпан күні Астана қаласы Әдістемелік орталығы Мемлекеттік аттестациядан өтетін мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау кезінде өзін-өзі бағалауды зерделеудің негізгі бағыттары мен объектілері» тақырыбында вебинар өткізді.
Іс-шара барысында Астана қаласының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысы Жунусова Гүлбахыт Серикжановна білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру және жүргізудің негізі бағыты мен талаптарын түсіндірді. Айта кетсек, мемлекеттік аттестациядан өту барысында білім беру ұйымдары білім саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне өзін-өзі бағалау жөніндегі есепті ұсынады, оның ішінде оларды мемлекеттік аттестаттауды өткізудің жоспарланған мерзіміне дейін бір айдан кешіктірмей өздерінің Интернет-ресурстарында орналастыруы керек.
Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауы биылғы бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылатындықтан, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министірлігі «Балаларды ерте дамыту институты» РММ басшысы Адамова Манара Елекеновна биылғы жылғы тәрбие және оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері туралы айтты.
Семинарға мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан 60 басшы қатысты.