Әдістемелік күн

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК  2023 жылғы     8 ақпан күні  орталық әдіскерлері №80 мектеп-гимназиясының  атестациядан өтетін мұғалімдердің сабақатарына қатысып, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы (ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.12.2022 № 533 б. өзгерістер мен толықтырулар) бойынша білім берудің негізгі талаптарына сәйкес сабақтардың берілуін зерделеп, оларға конструктивті кері байланыс беру арқылы кәсіби біліктіліктерін арттыруға көмек көрсетілді. Бақылау өлшемшарттары: сабақтың мақсаттары; күтілетін нәтижелер; бағалау; сыныптағы тәртіп пен тәртіп ережелері; жаңа материалды зерттеу; алдын ала білім; жаңа білімді практикада қолдану; сараланған тәсіл; акт және ресурстарды пайдалану; қосымша бақылау элементтері.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған