Функционалдық сауаттылықты арттырудың тиімді тәсілдері

Астана қаласының Шейх Халифа бен Зайд Әл Нахаян атындағы 84 мектеп-лицейінде 2023 жылдың 7 ақпанында Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен «Функционалдық сауаттылықты арттырудың тиімді тәсілдері» атты әдістемелік семинар өтті. Семинарға қала мектептерінен 126 мұғалім қатысып, әдістемелік қолдау алды. Семинар ағымдағы оқу жылындағы әдістемелік нұсқау хатта берілген маңызды бағыттарға негізделіп өткізілді.

«Өлкетану» пәнінің оқытылуы, «Домбыра» курсын пән сабақтарында кіріктіру, «Жаһандық құзыреттілік» пәніндегі қаржылық сауаттылық, «Бала және театр» жобасы, «Шахмат» курсын жүргізу, «Инклюзивтік білім беру» бойынша практикалық сабақтар мен шебер сыныптар көрсетілді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *