БАЛАБАҚШАДАҒЫ ЖАС ЭКОЛОГТАР

2023 жылғы 8 ақпан күні Астана қаласының №24 «Айналайын» балабақшасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту  процесінде экологиялық тәрбие берудің әдіс тәсілдерімен таныстыру, іс-тәжірибе алмасу, эксперименттік алаң жұмысын қорытындылау мақсатында «Мектеп жасына дейінгі балаларға желілік серіктестік аясында экологиялық тәрбие беру» атты қалалық семинар өтті.

Семинар барысында онлайн форматта балабақшалар арасындағы желілік серіктестік көрсетілді. Қызылорда облысы Шиелі ауданы, «Айналайын» балабақшасымен бірігіп, «Ғажайып құстар әлемі» тақырыбында тәрбиеленушілердің құстарды тану, сурет салу, ұсақ моторикасын дамыту мақсатына бағытталған жұмыстар көрсетілді.

Ресей Федерациясының Чебоксары қаласының №114 «Аленький цветочек» балабақшасының тәрбиеленушілерімен бірге онлайн форматта зерттеу жұмыстары жүзеге асырылды. Зерттеу дағдыларын дамытуға арналған жұмыстарға белсенділік танытып, командада жұмыс істей білуді көрсетті.

         Астана қаласының №24 «Айналайын» балабақша педагогтері мен тәрбиеленушілері жасап шығарған экологиялық тәрбие дағдыларын қалыптастыратын «Ақылды сауысқан» ертегісі сахналанды. Сондай-ақ «LEARNING APPS» қосымшасы арқылы экологиялық ойындарды жасап шығару  шебер сыныбын көрсетті. «Эко-ойындар»  тәрбиешілер мен әртүрлі жас топ тәрбиеленушілері дидактикалық және дамытушы ойындар қоржынын көрсетті.

          Астана қаласының №4 балалар кітапханасымен бірігіп жасалған жұмысқа қорытынды берілді.

Сонымен қатар, ата-аналармен бірігіп ғажайып суреттер, шебер қолдар, шығармашыл достар бағыты бойынша «Табиғат біздің досымыз» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Іс-шараға мемлекеттік және жекеменшік 30 елордалық мектепке дейінгі білім беру ұйым педагогтері қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған