Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК «Педагогтерді кәсіби дамыту» бөлімінің ұйымдастыруымен 2023 жылы 03 ақпан шетелге тағылымдамаға жіберілген жас басшылар, орынбасарлар және педагогтер үшін «Шетелдік тағылымдама: оқып-үйрену және кәсіби әдістемені дамыту» тақырыбында №90 гимназия базасында қалалық оқу-әдістемелік семинар өткізді.
Семинарға 2022 жылы 14-21 желтоқсан аралығында Ювяскюле (Финляндия) «Финдік білім берудің әдістемесі: PISA халықаралық зерттеулер аясындағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» және 2023 жылы 24-29 қаңтар аралығында Ташкент (Өзбекстан) «PISA халықаралық зерттеу жүргізу шеңберінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту. Мектептердегі цифрлық инфрақұрылым, оқытудың цифрлық әдістерін дамыту және білім берудегі табысты цифрлық құралдарға шолу» тақырыптарында арнайы шетелден тағылымдамадан өткен 6 мектептің жас директорлары, 28 оқу, бейіндік, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, 20 пән мұғалімдері қатысты.
Семинардың басты мақсаты: Халықаралық тағылымдамадан өткен педагогтердің өзара тәжірибе алмасуын дамыту.
Семинар барысында Финдік білім берудің ерекшеліктері мен өзгешеліктері білім беру ұйымдарынан бірлескен командалық жұмыс түрлері нақты әрі практикалық үлгіде талқыға түсті. Орынбасарлар, пән мұғалімдері жарыса талқыға түскен презентациялық рәсімдерде бәсекелестік құзыреттіліктерінің дамып, көшбасшылық деңгейде өскені байқалды. Іссапарға барған адамдардан 10 топ жеке-жеке командалық құлшыныста педагогикалық, әдістемелік, тағылым мен тәрбиенің заманауи қажеттілік тұстарын іс-тәжірибе алмасудың тиімді іс-әрекеттерінде дәлелдей білді. Командалық жобада сабақ өту, сабақ жоспарын жүйелі құру, сергіту сәтінің ең тиімді әрекет екенін, қосымша таңдау пәндерді оқытуда пән мұғалімдерін оқушының таңдауы, лайықты сабақ кестесінің құрылуы, белгілі ғылым, білім негіздерінде зиялы тұлғалардың ілімдерін табысты қолдану ұлттық құндылық негізіндегі іргелі іс-әректтерді жүзеге асыру атап айтылды.
Команда жетекшілері логикалық тапсырмалар жүйесін пән мұғалімдерінің қолдана білуі, оқушы еркіндігінде білім беру, ойлау мен сөйлеу тіл ерекшеліктерінің маңызын атап көрсетті. Команда мүшелері әр білім беру ұйымдарында педагогикалық, әдістемелік, әкімшілік, бірлестік кеңестерде мұғалімдермен шетелдік іс-тәжірибе алмасу туралы қалалық деңгейде іс-тәжірибе тарату мезгілдерін өзара келісіп белгілегендерін жеткізді. Пән ғылымдар негізінде жеке тұлғаның алған білімін өмір сүру дағдыларында пайдалана білуінде PISA халықаралық зерттеулер аясындағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы жоспар үлгісі ұсынылды. Шетелге шыққан әр адамның қазақстандық білім саласында тың өзгерістер мен ұлттық ілім негіздерінде құндылықтар сапасын арттыру, кәсіби шыңдалу тәжірибесінің зор жауапкершілікті жүктейтіндігін бірауыздан мақұлдады. Тағылымдамадан өткен әр ұстаз кәсіби құзыреттілік талаптарының айнасы білім жүйесіне қосар үлесінің көшбасшылықта іске асатынын танып, білді.
Семинар модераторы Қ. Мұхаметханов атындағы №90 гимназия директоры Ахметжан Аятжан әр топтың жұмысына тұщымды пікір білдіріп, сыни көзқарас қалыптастырды. Жас директорлар арасында командалық спикерлер Шаханов Оразалы, Муканов Арман, Кусаинова Айгуль, Бокийхан Еркинжан, Аубакиров Бауыржандар IT парк, цифлық платформалар, психологиялық ахуал, әр пән мұғалімінің магистратураны оқуы, зерттеуі, мектепте әр оқушының мектеп миссиясын білуі, отбасы моделі, бастауыш сыныпты әр пән мұғалімінің сабақ беруі, пән ғылымдар негізінде бағыт-бағдар алуы бүгінгі баланы қоғамда тәрбиелеудің заманауи тәжірибесін алмасу қажеттілігін дәлелдеді. Бұл тәжірибеде №90 гимназияның тәжірибесі бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін оятты. Семинар тақырыбы педагогтерге, әр командаға жоспарлы жұмыстың қорытынды менеджменті ретінде өзін-өзі кәсіби құзыреттілікте дамытудың, қарым-қатынас капиталын басқару әдістемесінің маңызын білдірді.