Педагогтің сабақтарына қатысу

Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының әдіскерлері  Ы.Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясының аттестациядан өтетін 24  педагогінің сабақтарына қатысты.

Педагогтің сабақтарына қатысу кезінде әдіскерлер:

– сабақтың мазмұнының оқу мақсаттарына сәйкес келуі;

– оқу мақсатынан сабақ мақсатын шығару;

– сабақ мақсаттары мен күтілетін  нәтижелерге жету жолдары;

– жоспарда сабақ кезеңдерінің қамтылуы;

– қолданылған әдіс- тәсілдердің  тиімділігі;

– тәжірибе арқылы дағдыларды дамытуы;

– белсенді оқыту және саралау әдістерінің енгізілуі;

– білім беру платформаларындағы ресурстардың қолданылуы;

– қалыптастырушы бағалау процесінің жоспарлануы;

-материалдың мазмұны бойынша рефлексия жүргізілуіне баса назар аударды.

Ұстаздарымыздың сабақтағы қолданған әдіс-тәсілдері, қалыптастырушы бағалауға негізделген тапсырмалары сабақ мақсаттарына негізделген. Бұл қалыптастырушы бағалау сабақ барысында топтық, жұптық, жеке жұмыстар барысында көрініс тауып жатты. Сонымен қатар, жаңартылған білім беру мазмұнына сай оқушылардың тілдік дағдылары, сабаққа қатысу белсенділіктері бақыланса, дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың  тапсырмалары сабақ жоспары бойынша жүргізілді. Мектеп заманауи техникалық құрылғылармен жабдықталған.  Әрбір сабақта пән мұғалімдері  АКТ-ны пайдалана отырып, қызықты әрі заман талабына сай сабақтар көрсетті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған