2023 жылдың 4 ақпанында Астана қаласының №28 мектеп-лицейінде «Дарынды оқушы – білікті ұстаздан» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді. Мақсаты – дарынды оқушылармен тиімді жұмыс істеу стратегияларын анықтау және талдау жұмыстарын жүргізу. Педагогикалық кеңестің жұмысына Астана қаласының әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Д.Г.Шарипова, мұғалімдер мен ата-аналар, жалпы саны 104 адам қатысты.
Педагогикалық кеңес №28 мектеп-лицейінің директоры А.Ж Құсайынованың кіріспе сөзімен ашылды. Педагогикалық кеңес тақырыбы, мақсаты мен міндеті таныстырылды.
Баяндамашылар: «Дарынды оқушылармен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбы бойынша директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары Г.В. Кононенко және директордың бейіндік оқыту бойынша орынбасары Г.Р. Хайлитдинова. Дарынды балалар туралы қысқаша мағлұматтар беріліп, дарындылық категориялары, дарынды балалармен жұмыс істеудің стратегиялары мен принциптері, дарынды баланың моделі көрсетілді, дарынды балалармен жұмыс жасаудың заманауи технологиялары ұсынылды. Олимпиада мен жобалық іс-шараларға қатысудың тиімділігіне мониторинг жүргізілді. Әрі қарай әрбір әдістемелік бірлестік белгілі бір технология бойынша сөз сөйлеп, мектеп мұғалімдері мен ата-аналардың қатысуымен шеберлік сыныптары өткізілді.
Қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісті, қойылған сұрақтарды талқылады. Педагогикалық кеңес соңында шешім шығарылды.