Тәлімгерлік жұмысты тиімді ұйымдастыру жолдары

2023 жылдың 2 ақпанында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК ТжКББ бөлімі тарапынан «Жастар лигасы» жобасы аясында

«Тәлімгерлік жұмысты тиімді ұйымдастыру жолдары» тақырыбында оқыту вебинары өткізілді. 

Мақсатты топ – колледждердегі жас педагогтердің тәлімгерлері.

Оқыту вебинарының мақсаты мен міндеттері тәлімгерліктің құқықтық негіздері туралы ақпараттандыру, тәлімгерлердің педагогика, психология саласындағы білімдерін кеңейту және жас педагогтармен атқарылатын жұмыстың тиімді формалары мен әдістерін меңгертуге бағытталды. Вебинар барысында жас педагогтардың кәсіби дамуының тиімді технологияларын іздестіру, тәлімгердің жеке тәжірибесі мен жеке үлгісі арқылы жас мамандардың өзін-өзі жетілдіруі, белсенді әлеуметтік бейімделуі жөніндегі мәселелер талқыланды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған