Әдістемелік көмек

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК-нің 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 7 бұйрығына сәйкес, білім беру ұйымдарын мемлекетік аттестаттаудан өткізу бойынша әдістемелік көмек көрсету және  аттестаттаудан өтетен мұғалімдердің сабақтарына қатысып, мұғалімдердің сабақ беру сапаларын зерделеу мақсатында  02  ақпан  күні  Астана қаласы әдістемелік  орталығының әдіскерлері  38 мектеп-лицейінде болды.

Мұғалімдердің сабақатарын зерделеу барысында сабақ мақсаттары мен күтілетін нәтижеге жету жолдары, қолданылған  әдіс-тәсілдердің тиімділігі, барлық білім алушылардың оқу, бағалау  процесіне тартылауына көңіл бөлінді. Жұмыс нәтижесі бойынша әр әдіскер сабақтарға талдау жасап, мектеп  әкімшілігіне, мұғалімдерге  ұсыныстар  берді.

Барлығы 15 сабаққа қатысып, білім беру мекемесінің жұмысын бағалау өлшемшарт талаптарына сәйкес зерделеп, әдістемелік көмектерін берді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған