Көру қабілеті бұзылған балаларды туған өлкемен таныстыру арқылы әлеуметтік өмірге бейімдеу

2023 жылғы 2 ақпан күні Астана қаласының Білім басқармасы  және «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сай  №23 «Алтын бесік» балабақшасында көру қабілеті бұзылған балаларды  туған өлкемен таныстыру мақсатында мектепке дейінгі ұйымдардың арнайы педагогтеріне арналған  «Көру қабілеті бұзылған балаларды  туған өлкемен таныстыру арқылы әлеуметтік өмірге бейімдеу» тақырыбында  қалалық семинар-практикум өтті.

Семинар барысында көру қабілеті бұзылған балалармен жұмыс жасауда  қолданылатын  тиімді әдіс-тәсілдер арқылы ашық іс-әрекеттер ұйымдастырылды. «Туған жерім- Атамекенім»,  «Не? Қайда? Қашан?», «Динамикалық пауза»  атты шебер-сыныптар көрсетілді, балалардың қатысуымен «Отанымды жырлаймын» музыкалық концертпен жалғасты.

Іс-шара қатысушыларын қатыстыра отырып  балабақшаның әдіскері   «Тарих   тағылымы»  интеллектуалды ойын  өткізді.

Семинар-практикум соңында ұсыныстар мен пікірлер айтылып, кері байланыс жасалды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған