Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мамандарды даярлаудағы заманауи көзқарас

2023 жылдың 31 қаңтар күні  Сервиc және туризм колледжінің  базасында  «Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мамандарды даярлаудағы заманауи көзқарас» атты Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру оқытушылары мен мамандарына арналған ІХ қалалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференцияға Астана қаласы Білім басқармасының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Оқулық» республикалық ғылыми – тәжірибелік орталығының өкілдері, колледждердің әлеуметтік серіктестері,  техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының  оқу ісі жөніндегі,  оқу – әдістемелік ісі  және өндірістік оқыту ісі жөніндегі директордың орынбасарлары, арнайы пән оқытушылары мен өндірістік  оқыту шеберлері  қатысты.

Пленарлық  отырыста «Атамекен» Астана қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Н.С. Ахметова, ғылыми кеңесші, педагогика ғылымдарының докторы (КР), әлеуметтану ғылымдарының докторы (РФ), педагогика профессоры, Қазақстан Педагогика ғылымдары академиясының академигі, Халықаралық психология ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі А.Н.Тесленко және Сервис және туризм колледжінің директоры С.К.Басыгараева   сөз сойледі.

Спикерлер елорданың еңбек нарығы үшін кадрлар даярлаудың өзекті мәселелеріне, ТжКБ ұйымдарының академиялық дербестігінің маңыздылығына, жоғары сапалы кәсіптік оқытуға жағдай жасау, сондай-ақ болашақ мамандығына психологиялық және әлеуметтік бейімделуі мәселелеріне  тоқталды.

Колледж оқытушылары келесі бағыттар бойынша секцияларға қатысты:

– Тәжірибеге бағдарланған кәсіптік оқыту- болашақ маманды табысты даярлаудың кепілі;

 – Сәулет, құрылыс және дизайн: мамандарды даярлаудағы инновациялар. Тәжірибе, мәселелер, шешу жолдары;

–  Болашақ педагогтердің функционалдық сауаттылығын қалыптастыру негіздері;

–  Теориядан практикаға:білім беру ортасы және көлік және байланыс инфрақұрылымы үшін мамандар даярлауда жағдай жасау;

–  Қызмет көрсету саласы үшін кадрларды даярлаудың заманауи трендтері;

– Студенттерді оқыту процесінде кәсіби құзыреттілік пен экономикалық ойлауды қалыптастыру; 

– Қазақстан Республикасының заманауи денсаулық сақтау жүйесіне медицина кадрларын даярлаудың өзекті мәселелері.

–  Цифрлық Қазақстан: жаһандық өзгерістер жағдайындағы білім беру;

Барлығы 140-тан астам арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Конференцияға қатысушыларына сертификаттар беріліп, үздік   баяндамашылар  Дипломдармен марапатталды.

Өткізілген іс-шара нәтижесінде конференция материалдарының жинағы жарияланады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған