Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» КМҚК мектеп білім беру бөлімінің әдіскері Нуртаева Қанымай Узбекбайқызы қаланың физика пәні мұғалімдеріне «Физика пәнінен тапсырмалар әзірлеу және сараптама жасау тәжірибесі» тақырыбында қалалық семинарын өткізді.
Семинар мақсатын таныстырып, алғы сөзді Канымай Узбекбаевна бастап берді.
Бағдарлама бойынша мұғалімдердің таныстырылым тақырыптары:
«Физика пәнінен сапалық есептерді шығару арқылы оқушылардың сыни ойлауын дамыту» Рахымбаева Баян Ержанқызы Б. Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейі.
«Физика оқытуда және оқушылар тапсырмаларды орындауда баламалы түрде қолдау көрсету» Байбатыр Қасымхан Шаншарханұлы №34 орта мектеп.
«Физика пәнінен құрылымдық тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіру» Пармонова Гулмира Рахматқызы №38 мектеп-лицейі.
«Физика пәнінен оқушылардың зерттеушілік дағдысын дамытуға арналған есептер шығару» Әнес Балғабек №85 мектеп-лицейі.
НЗМ ПШО тартылған тренері Дусчанова Алия Уринбековна «Физика пәнінен тапсырмалар әзірлеу ережелері мен нұсқаулары» бойынша семинарды қорытындылап, падлет тақтасы арқылы кері байланыс жүргізді.
Мұғалімдердің келтірген пікірлеріне қарай семинар мақсатына жетті. Қатысушылар тапсырма құру мен оған сараптама жасауға байланысты тәжірибе алмасып, маңызды мәліметтер алды.