Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық дамуының құралы ретінде STEM білім беру

31 қаңтар күні МКҚК «№11 «Гауһар» балабақшасы «Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық дамуының құралы ретінде STEM білім беру» тақырыбында эксперименттік алаңды жабу бойынша қалалық семинар ұйымдастырылып, балабақша өз іс- тәжірибесімен бөлісті.

Эксперименттік жұмыстың нәтижелері бойынша «СТЕМ-білім беру арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттерін қалыптастыру»әдістемелік ұсынымы шығарылды.

Семинар барысында педагог И.Н.Жаманқұлова «Меруерт» мектепалды тобының тәрбиеленушілерімен «STEM- болашақ қаласы «КВЕСТ-ойынын өткізді.

«Інжу» тобының ата-аналарының қатысуымен «Ойын арқылы құрастырамыз, бағдарламалаймыз» танымдық іс- әрекетінде, тәрбиеленушілер ата-аналармен  бірге роботтардың фигураларын ептілікпен құрастырып, жандандыра отырып, техниканың нақты үлгілерін жаңғырта отырып, танымдық ойынға белсенді қатысты, осылайша техникалық дағдыларды, бағдарламалау дағдыларын, командада жұмыс істей білуді көрсетті.

Семинар барысында «Меруерт» тобының балаларының өздері ойлап, декорацияларын дайындап, өздері түсірген, дайындаған бірнеше мультфильмдер презентациясы болды.  Сонымен қатар тәрбиеленушілер робот «Тышқандарды» бағдарламалау арқылы «Достық» ертегісін сахналады.

Педагог-психолог А. С. Баранбаева семинар қонақтарымен геометриялық лото ойынын өткізді. Семинар соңында музыкалық жетекшілер мен балабақша тәрбиеленушілері оркестрде ойнады .

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған