Балалардың ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез-құлқы

 Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК  психологиялық сүйемелдеу бөлімі 2023 жылы 30 қаңтар күні Астана қаласының  № 88  мектеп-лицей ата-аналарына «Балалардың ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез-құлқы»  атты онлайн форматта вебинар өткізді. Вебинарға 72  ата-ана қатысты

 Вебинар мақсаты: Ата-аналармен ғаламтордың бала тәрбиесіне, денсаулығына, оқу үлгеріміне тигізетін кері әсері жайлы ой бөлісе отырып, балалардың ғаламторға тәуелділігінің алдын алу жолдарын қарастыру, әдістемелік тұрғыда бағыт беру.

 Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскері Т.С. Сатымбекова  ата-аналарға  балалардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздік ережелерін сақтау және  интернет ресурстарды қолдану мәдениетін жетілдіру тәсілдеріне ұсыныстар айтты. Ғаламтор желісінде күрделі парольдерді таңдау, оларды үнемі өзгерту, желіні  мұқият  қолдану, сенімді сайттар мен қызметтерді таңдау тәсілдерін игеруге ата-аналарға  кеңестер берді.

 Ата-аналар өз ойларында жүрген түйінді сұрақтарын қойды: а)Неліктен біздің балаларымызда ғаламторға тәуелділік тым ерте пайда болады?б)Балаларымыз әлеуметтік желісінде  болғанда оған қандай қауіптер кездесуі мүмкін?Ата-аналар өзекті мәселедегі өздерінің ойларын ортаға салып,қажетті кеңестер алғандарына алғыстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған