ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР АНТАЛИЯ ҚАЛАСЫНДА ӨТУДЕ…

Астана қаласы Білім басқармасының  қолдауымен, Әдістемелік орталықтың әдістемелік сүйемелдеуімен 2023 жылдың 29 қаңтар мен 4 ақпан аралығында «Бестемше» инновациялық жобаға қатысушы   №№5,28,29,44,51,56,61,66,70 елордалық мектепке дейінгі ұйымдарының меңгерушілері мен әдіскерлері Түркия мемлекетінің Анталия қаласында  «Зияткерлік ойындардың жасөспірімнің когнитивтік қасиеттерін дамытудағы маңызы» атты халықаралық семинарға қатысуда.

Елордалық балабақшалар халықаралық іс-шарада «Бестемше» және «Алаңдағы бестемше» ойынының ережесі мен маңыздылығы бойынша  шетелдік әріптестермен  іс-тәжірибе алмасты.

Астана қаласының №5«Ақбота» балабақша меңгерушісі М. Жолбарысова «Бестемше» ойынына кейбір ерекшеліктер енгізіп, «Алаңдағы бестемше» ретінде қоланысқа ұсынуда. Бұдан әрі ойынға екі баладан көп балалар қатыса алады, яғни «Бестемше» ойынын топпен ойнауға ұсынып отыр. Заманауи тұрғыда бейімделген «Алаңдағы бестемше» ойынына қатысатын баланың саны 10-ға дейін артып, балаларды қимыл-қозғалысқа түсіп, ептілекке баулитындығын зерттеп, жаңартып шетелдік әріптестерге таныстырылым жасап, ойнап көрсетті.

Халықаралық семинарға Қазақстаннан бөлек, Түркия, Қырғызстан, Чехия, АҚШ тан 100ге жуық мамандар келген. «Бестемше» инновациялық жобасы 2022 жылдан бастап 38 елордалық мектепке дейінгі ұйымдар арасында жүргізіліп келеді, сонымен қатар Астана қаласының білім басқармасы тұрақты түрде балабақшалар арасында қалалық жарыстар, олимпиадалардың қалалық кезеңін ұйымдастырып отырады. Қазіргі таңда ұлттық ойынымызға деген қызығушылық кеңінен артуда. Атап кетсек, «Бестемше» ұлттық ойыны мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық, логикалық және зияткерлік дағдыларының дамуына үлкен үлес қосуда.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған