№83 бұйрығына енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстары

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК «Педагогтерді кәсіби дамыту бөлімі» 2023 жылғы 30 қаңтар күні онлайн форматта бастауыш сынып, қазақ тілі мен әдебиет пәндері педагогтеріне педагогтерді аттестаттау жөніндегі ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Вебинарға 300-ден астам педагог қатысты.

Вебинар аясында бөлім басшысы Рамазанова А.Е. мен әдіскер Құрмашев Д.М. мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын педагогтерді аттестаттаудан өткізу ережелері мен шарттарының талаптарын түсіндірді.

Жиын соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, бөлім басшысынан егжей-тегжейлі түсініктемелер алды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған