Дұрыс тамақтан

2023 жылғы 27 қаңтардаАстана қаласы №8 мектеп-лицейінде «А-дан Я-ға дейін дұрыс тамақтану» инновациялық жобасы аясында «Дұрыс тамақтан» қалалық фестиваль өтті. Іс-шараға 100-ден аса бастауыш сынып педагогтері қатысты.

Педагогтер фестиваль барысында ашық сабақтарға, спорттық және сыныптан тыс іс-шараларға, интеллектуалдық ойындарға қатысып, білім алушылардың жетістіктерімен танысты.

Іс-тәжірибе алмасу барысында пайдалы тағамдарға арналған көрме ұйымдастырылды. 4-сынып оқушылары «Дұрыс тамақтану пирамидасы» жобасының көрсетілімін өткізді.

Іс-шара соңында педагогтер кері байланыс беріп, алған әсерлерімен, пайдалы ұсыныстарымен бөлісті.

Аталған іс-шара педагогердің әдістемелік бағыттағы білімдерінің дамуына, жоба бойынша тәжірибесін көру мүмкіндігіне ықпал етті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған