Жас мамандардың педагогикалық кәсіби шеберлігін арттыру

2023 жылғы 27 қаңтар күні сағат 10.00-де жас педагогтерге арналған «Жас мамандардың педагогикалық кәсіби шеберлігін арттыру» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинарды Әдістемелік орталық Астана қаласының №1 Өнер мектебімен бірлесе отырып ұйымдастырып өткізді.

Семинар теориялық және практикалық екі бөлімнен тұрды. Семинардың теориялық бөлімінде №1 Өнер мектебі директорының орынбасарлары, қосымша білім беру педагогтері өз тәжірибелерімен бөлісіп, қосымша білім беру ұйымдарындағы жас мамандардың тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың педагогикалық негіздері, жас педагогтің беделін қалай қалыптастыру керектігі жайлы айтып өтті.

Семинардың практикалық бөлімінде педагогтер келесі тақырыптар бойынша шеберлік сыныптар көрсетті:

– «Қобыз аспабында ойнауды үйретудің заманауи әдіс-тәсілдері»;

– «Дәстүрлі әншілердің ансамбліндегі үйлесімділікпен жұмыстың түрлері».

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған