№ 83 бұйрығына өзгерістер енгізу бойынша түсіндіру жұмыстары

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК «Педагогтерді кәсіби дамыту бөлімі» басшысы Рамазанова Айгуль Есеновна арнайы білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарларына 2023 жылғы 27 қаңтар күні педагогтерді аттестаттау жөніндегі «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жиын соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, егжей-тегжейлі түсініктемелер алды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған