БАЛАБАҚШАЛАРДА ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН ӨТТІ

Астана қаласы Әдістемелік орталығы 2023 жылы Мемлекеттік аттестациядан өтетін №4 «Аружан, №7 «Аққу, №34 «Ақ бидай» мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында әдістемелік күн өткізді.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің әдіскерлерлері Білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру және өткізу жөнінде кездесетін өзекті сұрақтар мен оларды шешу жолдарына әдістемелік ұсынымдар берді.

Мемлекеттік аттестаттаудан өтетін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына  әдістемелік көмек көрсету келесі  талаптар бойынша сұрақтар қамтылды: білім беру ұйымдарының жалпы сипаттамасы, білім алушылардың контингенті, оқу-әдістемелік жұмысы, оқу-тәрбие жұмысы және педагогикалық жүктеме, білім алушылардың білім сапасын бағалау, сауалнамалар нәтижелерінің жүзеге асырылуы. Іс-шараға мектепке дейінгі ұйымның 65-ке жуық педагогтері қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған