№83 бұйрығына енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстары

2023 жылғы 25 қаңтар күні №85 мектеп-лицейде Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК «Педагогтерді кәсіби дамыту» бөлімі басшысы мен әдіскерлері жалпы орта білім беру ұйымдары басшыларының бейіндік ісі жөніндегі орынбасарларына педагогтерді аттестаттау жөніндегі ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараға жалпы орта білім беру ұйымдары басшыларының 90-ға жуық бейіндік ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Жиын соңында қатысушылардың педагогтерді аттестаттау барысында кездесетін проблемалық сұрақтарына нақты  жауап берілді. Алдағы уақытта шара сапасын жоғарылату мақсатында қатысушылардан кері байланыспен ұсыныстар алынды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған