А дан Я-ға дейін дұрыс тамақтану

2023 жылғы 25 қаңтарда №30 мектеп-гимназиясында «А дан Я-ға дейін дұрыс тамақтану» қалалық инновациялық жобасы аясында «Дұрыс тамақтануды іздеу жолында» квест ойыны өтті. Іс-шараға жобадағы мектпетерден 30 педагог және 21 оқушы қатысты.

Іс-шара барысында 3-сынып оқушысы Бокушев Даурен «Дұрыс тамақтану формуласы» тақырыбында өзінің ғылыми жобасымен таныстырды. Квест ойынына №№ 10,13,27,30 мектептердің 4-сынып оқушыларының командалары қатысты, 6 станцияға барып дұрыс тамақтануға байланысты түрлі шығармашылық, логикалық тапсырмалар орындады. Ал, қатысушы педагогтердің назарына «Үлкен ойын» интеллектуалды квиз ұсынылды.

Квест ойыны нәтижесінде: 1-орынға 27 мектеп-лицей; 2-орынға 30 мектеп-гимназия; 3-орынға 13 орта мектеп пен 10 мектеп-гимназия командалары ие болды. Жеңімпаздар сертификатпен марапатталып, пайдалы көкөністермен жемістер себеті таратылды.

Іс-шара соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, дұрыс тамақтанудың бала ағзасына пайдасын атап өтті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған