2023 жылғы 24 қаңтарда Әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес Райымбек атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінде «Оқу мақсаттарына сәйкес сабақты тиімді жоспарлау» тақырыбында білім беру ұйымдарының музыка пәні педагогтеріне арналған қалалық оқыту семинары өтті.
Семинарды өткізудің мақсаты Астана қаласының жалпы білім беретін мектептердегі музыка пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлік деңгейін, педагогикалық құзыреттілігін арттыру, сабақты тиімді жоспарлау ерекшеліктерін түсіндіру және әдістемелік қолдау көрсету болып табылады.
Семинар жұмысына жалпы білім беретін мектептердің 69-дан астам музыка мұғалімдері қатысты. Семинар аясында №29 орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Загипарова Клара Сулейменовна «Музыка сабағында оқушылардың белсенділігін арттыруға арналған шығармашылық тапсырмалар» тақырыбында музыкалық терапиядағы жаттығулармен таныстырды. №7 мектеп-лицейінің музыка пәні мұғалімі Касенова Алмагуль Амангалиевна «6-сынып музыка сабағын тиімді жоспарлау», №52 мектеп- гимназияның музыка пәні мұғалімі Андыбаева Сауле Женисбековна «Вокалдық жаттығулар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру», №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің музыка пәні мұғалімі Кенжеханов Азамат Кошкинбаевич «Мұғалімнің педагогикалық шеберлік деңгейін және кәсіби даму мақсатын ескере отырып, ҚМЖ құру», №81 мектеп-гимназиясының музыка пәні мұғалімі Сариева Гуля Тургановна «4 сынып музыка сабағын тиімді жоспарлау» атты тақырыптарында өз іс-тәжірибелерін ортаға салды.
Қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісті, қойылған сұрақтарды талқылады.