«БАЛАЛАР ӘЛЕМІНДЕГІ ҚҰМ ТЕРАПИЯ

       Астана қаласы әкімдігінің №38 «Шаттық» балабақшасы МКҚК базасында 2023 жылғы 25 қаңтар күні «Құм терапиясы арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті. Эксперимент алаң бойынша жұмыстың қорытындысын көрсету, құм терапиясы әдістерін қолдану бойынша іс-тәжірибе алмасу мақсатында шебер ұйымдастырылған іс-әрекеттер көрсетілді.  

       Семинарға қатысушыларға психолог және дефектолог мамандары ерекше білімді қажет ететін балалармен «Сиқырлы пішіндер» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекетін өткізді. «Қызғалдақ» ересек эксперимент тобымен «Теңізге саяхат» тақырыбында ойын түрін  көрсетті. «Құмдағы мандала»  шебер сыныбында балабақша педагогі семинарға келген педагогтермен, логопед-дефектолог, психолог мамандарымен қызықты  тренинг өткізді. Инновация әдіскері «Мектепке дейінгі балаларды дамытуда құм терапиясы мен бейнелеу өнерінің тиімділігі» атты презентациясына тоқталды.    

      Семинарды қорытындылай келе Білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы Ережепова Айгуль Қайратқызы және Астана қаласының әкімдігі «Әдістемелік орталығы» әдіскері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері және педагогтері  өз пікірлері мен ұсыныстарын айтып өтті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған