2023 жылғы 25 қаңтар күні Астана қаласының Білім басқармасы және «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сай №22 «Әлем» балабақшасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен интеграцияланған іс-әрекетті ұйымдастыру бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында мектепке дейінгі ұйымдардың арнайы педагогтеріне арналған «Мектепке дейінгі білім берудің жаңартылған мазмұны шеңберінде ЕББҚ бар балалардың интеграцияланған іс-әрекетті ұйымдастыру» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті.
Семинар барысында ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасауда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер арқылы ашық іс-әрекеттер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, жеке жұмыс арқылы артикуляциялық жаттығулар мен нейробейнелеу техникасының үйлесімі көрсетілді, балалардың қатысуымен «Жануарлар дауысы» ертегісі мен музыкалық қойылым сахналанып, кіріктірілген ойын түрлері мен шебер-сыныптар көрсетілді.
Іс-шара қатысушыларын қатыстыра отырып балабақшаның педагог-психологі «Достық шары» тренингін өткізді. Семинар-практикум соңында ұсыныстар мен пікірлер айтылып, кері байланыс жасалды.