Қосымша білім беру педагогтері қауымдастығының жұмысы

Әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес 2023 жылғы 20 қаңтарда қосымша білім беру педагогтері қауымдастығының бірінші отырысы өтті.

Отырысқа Әдістемелік орталықтың Тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы, сондай-ақ әдіскері, қосымша білім беру ұйымдары директорларының орынбасарлары, әдіскерлері мен педагогтері қатысты.

Отырысты Әдістемелік орталықтың Тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Д.Г. Шарипова құттықтау сөзімен ашты. Динара Госмановна педагогтерді күн тәртібімен таныстырып, Қауымдастықтың      2023 жылға арналған мақсаттары және міндеттерімен таныстырды.

Қосымша білім беру педагогтері Қауымдастығының қызметі мен функциялары туралы Қауымдастық төрағасы, «Өркен» балалар-жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы директорының орынбасары Г.Г. Искакова айтып өтті.

Әдістемелік орталықтың Тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің әдіскері Э. Ибраева 2022 жылғы жұмысқа қысқаша талдау жасап, Қауымдастықтың 2023 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды. Отырыс барысында Қауымдастық мүшелері жұмыс жоспарын қарастырып, бекітті, сондай-ақ қосымша білім беру педагогтерінің оңзық жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату, балалар мен педагогтерге арналған маңызды іс-шаралар, педагогтірдің біліктілігін арттыру және т.б. мәселелерді талқылады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған