Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің жоспарымен сәйкес, 2023 жылдың 19 қаңтар күні «Жас психолог мектебі» оқу курсы аясында «Ата-аналармен қарам-қатынасты қалай тиіміді етуге болады? тақырыбында семинар- практикум өтті.
Мақсаты: тәрбиеленушілердің отбасыларымен өзара іс-қимыл мәселелерінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагог-психологтарының кәсіби шеберлік деңгейін арттыру.
Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру мекемелерінен 32 педагог-психолог қатысты. Семинар-практикумда педагог-психологтардың ата-аналармен өзара әрекетінде бар проблемаларды өзектендіруге ықпал ететін психологиялық жаттығулар көрсетілді; жас психологтардың сенімділігін арттыру үшін жанжалсыз қарым-қатынас әдістері қолданылды; ата-аналармен тиімді қарым-қатынас құруда өзіне деген сенімділікті арттыруға ықпал ететін тапсырмалар мен психологиялық әдістер орындалды. Семинарда №64 «Асыл бала» балабақшасының психологы Курбанова Лутфия Дильмуратовна қатысушылармен өз іс — тәжірибесмен бөлісті. Жас мамандарға тиімді қарым- қатынас орната білуге қажетті әдістемелік ұсынымдар, жадынамалар таратылды.
Семинар соңында жас педагог-психологтар ата-аналармен жұмыста қажетті практикалық білім алғанын және оларды тәжірибеде қолданатынын атап өтті.