«Үздік педагогтен үздік сабақ» жобасы

Нұр-Сұлтан қаласының «Білім беруді жаңғырту орталығында» жаңа жоба  «Үздік педагогтен үздік сабақ» сабақ шығынын қалпына келтіру сабағы өз жұмысын жалғастыруда. Бұл жоба Елорданың үздік ұстаздарынан дәріс алуға барша мектептерді шақырады. 
Бас қаламыздағы мектептің  барлық 8-сынып оқушылары онлайн режимінде білікті ұстаздардан білім алып, өткен сабақтарды нақтылайды.
Жобаның мақсаты: астаналық мектеп оқушыларының  білімін қалпына келтіру, білім  сапасын көтеру, тәжірибе алмасу, оқушылардың білім алуға деген ынтасын арттыру.
«Үздік педагогтан үздік сабақ» жобасының кезекті сабағын №55 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Үздік педагог – 2020» сайысының «Жаңашыл педагог» номинациясының иегері Ажибаева Ұлжан Батырханқызы жалғастырды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған