Білім беру саласындағы зерттеу және талдау

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» ұйымдастырумен 2023 жылғы 11 қаңтар күні «ONLINE Әдіскер» жобасы шеңберінде «Білім алушылардың білім сапасын арттыру мақсатымен мектептерді қолдау бағдарламасы» тақырыбында білім беру ұйымдары директорының ғылыми-әдістемелік және бейіндік жұмысы жөніндегі орынбасарларына вебинар өтті. Вебинар барысында «Білім беру саласындағы зерттеу және талдау»  бөлімінің әдіскері Анар Досмухамет зерттеуге қатысқан білім беру ұйымдарының нәтижелері бойынша алынған қорытындылармен таныстыра отырып, мәселелерді шешу жолдары туралы баяндама жасады. Анықталған қиындықтар мен проблемаларды шешу үшін әдістемелік қолдау мақсатында сапалы білім нәтижесіне қол жеткізу үшін мектептерді қолдау моделі ұсынылды.

Семинарға орта білім беру ұйымдарынан 75 басшы орынбасарлары қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған