Педагогтердің авторлық әзірленімдерін құрастыру жолдары

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне педагогтердің авторлық педагогикалық материалдарын әзірлеу және қалалық оқу-әдістемелік кеңеске материалдарды қабылдау бойынша әдістемелік сүйемелдеу және түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 2022 жылғы 10 қаңтарда «Педагогтердің авторлық әзірленімдерін құрастыру жолдары» тақырыбында оқыту вебинары өткізілді.

         Қалалық оқу-әдістемелік кеңес өз қызметін жылына екі рет (Қазан, ақпан) жүзеге асырады. Ағымдағы жылдың 4-31 қаңтар аралығында ақпан айында өтетін ҚОӘК-те педагогтердің авторлық әзірлемелерін қарауға өтінімдер қабылдау басталды. Осыған байланысты қалалық оқу-әдістемелік кеңестің отырысы алдында 97 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне қала педагогтері мен тәрбиешілерінің авторлық материалдарын әзірлеу мазмұнының құрылымы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

         Вебинарда педагогтердің авторлық педагогикалық бағдарламаларының нормативтік-құқықтық және ғылыми-әдістемелік базасы, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының үздік педагогикалық тәжірибесін енгізу мен таратуды қолдау мәселелері қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, спикерлер педагогтердің авторлық әзірлемесімен бірге тапсырылатын құжаттар тізімін белгілеп, түсіндірді.

         Әдіскерлер педагогтердің материалдарын Сараптамалық кеңеске беру және осы материалдарды әзірлеу кезінде мазмұн құрылымы бойынша кездесетін өзекті мәселелерді көтерді.

         Вебинар шеңберінде күтілетін нәтиже – сапалы әдістемелік сүйемелдеу арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған