Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мерекелер мен сауықкештерді өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдары

2023 жылғы 10 қаңтар күні Астана қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мерекелер мен сауықкештерді өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдары» жас мамандарға арналған оқыту вебинары (онлайн) өтті.

       Мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдардың жас мамандарына балабақшадағы мерекелер мен сауық кештерді ұйымдастыруда және өткізуде әдістемелік көмек көрсету.

Вебинарға балабақшалардың жас мамандары қатысты. Вебинарда – «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде мерекелер мен ойын-сауық кештердің маңызы мен рөлі», «Мерекелер мен ойын-сауық кештердің сценарийін құруға ұсынымдар», «Цифрлық платформалар арқылы ойын-сауық кештерінің бейне ролигін жасау жолдары» талқыланып, ұсынымдар айтылды. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мерекелер мен сауық кештерді ұйымдастыру балабақшадағы өзекті тақырып болып табылады. Жас мамандар балабақшадағы мерекелерді ұйымдастыру бағытында сұрақтар қойып, жауап алды. Олар алғыстарын білдіріп, ерекше әсермен, керемет көңіл-күйлерін білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған