Астана қаласы әкімдігі Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен №№8,13,14,23,31,36,40,42,43,45,57,73,90 білім беру үйымдарының педагогтеріне арналған «Оқушылардың білім сапасын арттырудағы мұғалімнің ролі» тақырыбында мектеп тренерлерінің қалалық тренерлік сағатын Ақселеу Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицей базасында өткізді.
Тренерлік сағат 10 секцияға бөлініп жұмыс жасады.
1,2- секция: қазақ тілі мен әдебиет пәні педагогтері (Т1,Т2),
3-секция: орыс тілі мен әдебиеті пәні педагогтері,
4-секция: ағылшын тілі пәні педагогтері,
5-секция: математика, физика пәндері педагогтері,
6-секция: тарих пәндері педагогтері,
7-секция: химия, биология пәндері педагогтері ( қазақ сыныптары),
8- секция: география пәні педагогтері,
9-секция: бастауыш сыныптар педагогтері,
10-секция: химия, биология пәндері педагогтері (орыс сыныптары). Іс-шараға 500-ден астам педагогтер қатысты. Шара соңында қатысушылар кері байланыс жасап, алғыстарын білдірді.