Тәрбиенің қайнар көзі – мектеп пен ата-ана арасындағы үйлесімді қарым-қатынас

2023 жылғы 06 қаңтарында Әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес   І. Есенберлин атындағы №67 мектеп – гимназиясының  базасында «Тәрбиенің  қайнар  көзі – мектеп пен ата-ана арасындағы  үйлесімді қарым-қатынас» ата-аналармен бірлескен тәрбие жұмысы бойынша қалалық семинар өтті.

Семинарды өткізудің мақсаты ата-ана мен бала  қарым-қатынасын жетілдіру ,Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінің педагогтеріне және ата – аналарынға әдістемелік, психологиялық көмек көрсету, болып табылады.

Семинар жұмысына 40-тан астам мектеп директорының орынбасарлары, сондай-ақ оқушылар, ата-аналар 50-ден астам қатысты.

Пленарлық отырысқа «Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестіктің төрайымы Бердімұрат Жансая, «Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестіктің төрайымының орынбасары З.Ж.Садыкова, Астана қаласы Әдістемелік орталығының психологиялық сүйемелдеу бөлімінің басшысы Г.К. Капанова, Астана қаласы Әдістемелік орталығының психологялық сүйемелдеу бөлiмнiң аға әдiскерi Л.Ж. Бодикова қатысты. Семинардың пленарлық отырысында мектеп пен ата-ана арасындағы үйлесімді қарым-қатынасқа арналған баяндамалар оқылды.

Конференция аясында келесі бағыттар бойынша 5 секция жұмыс істеді:

-дөңгелек үстел;

-психологиялық кеңес;

-кездесу-тренинг;

-отбасылық оқу клубы;

-дебат.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған