Жас педагог-психологтерге арналған шеберлік сабағы.

2023 жылғы 5 қаңтарда Астана қаласы әкімдігінің МКҚК «Әдістемелік орталығы» елорданың үздік, тәжірибелі педагогтерінің тәжірибесін тарату мақсатында және  жас мұғалімдердің кәсіби өсуіне жәрдемдесу шеңберінде жас мамандар үшін «Үздік педагог — үздік тәжірибе» атты практикалық семинар ұйымдастырды. Жас педагог-психологтердің жұмысы 13 секцияда жүргізілді, оған елорда мектептері мен колледждерінің 20 жас мамандары қатысты.

        Семинардың басында психологиялық сүйемелдеу бөлімінің басшысы Г.К. Капанова мектеп пен колледждерде педагог-психологтің жұмысында практикалық әдістерді қолданудың маңыздылығы туралы айтып өтті. Мектептердің тәжірибелі және шығармашылық қабілеті жоғары педагог-психологтері әртүрлі әдістерді қолдану бойынша шеберлік сабағын өткізді. Аренова А. Б, № 33 мектеп-бақша психологі педагогтермен және білім алушылармен жұмыста қолдануға болатын «Миллионды кім алады?» атты қызықты және интеллектуалды ойынын жүргізді. «№59 мектеп-лицейінің педагог-психологі Г. А. Батталова педагогикалық ұжымды біріктіруге арналған ойын жаттығуларын тәжірибеде көрсетті. №53 мектеп-лицейінің педагог-психологі Ж.К. Ерпейсова жас мамандарға экспресс диагностикада ассоциативті әдістерді қолдану арқылы қалай нәтижелі жұмыс істеуге болатындығын көрсетті. Сондай-ақ № 53 мектеп-лицейінің психологы М. Ж. Тұрғымбаева балалармен және жасөспірімдермен жұмыста қолдануға болатын арт-терапиялық әдістерді қолданумен барлығын қызықтырды.

       Шеберлік сабағында көрсетілген барлық практикалық әдістер жас педагог-психологтер үшін өте қызықты болды және іс-шара туралы оң пікірлер қалдырды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *