Техникалық модельдеуде сәндік-қолданбалы өнер құралдарын пайдалану

2023 жылғы 06 қаңтарда Әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес Техникалық шығармашылық орталығында «Техникалық модельдеуде сәндік-қолданбалы өнер құралдарын пайдалану» тақырыбында қосымша білім беру педагогтеріне арналған қалалық шеберлік сыныбы өтті.

Шеберлік сынып қосымша білім беру педагогтерінің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған.

Педагогтерге арналған шеберлік сыныптың мақсаты: педагогтердің өзара кәсіби қарым-қатынас орнатуы, өзін-өзі жетілдіруі және шығармашылық әлеуетінің дамуын ынталандыру үшін жағдай жасау.

Міндеттері:

— педагогтердің кәсіби шеберлігі мен біліктілігін арттыру;

— озық педагогикалық тәжірибені тарату;

— оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын енгізу.

Семинар жұмысына Астана қаласының қосымша білім беру ұйымдарының 25 педагогі қатысты. Семинарды Техникалық шығармашылық орталығы директорының м.а. А. Мырзахметова ашты. Техникалық шығармашылық орталығының әдістемелік бөлімінің меңгерушісі К. Жалғасбаева техникалық модельдеуде сәндік-қолданбалы шығармашылық әдістерін қолдану туралы айтып өтті.

Практикалық бөлігінде Техникалық шығармашылық орталығының педагогтері келесі тақырыптар бойынша шеберлік сыныптар көрсетті:

— «Тоқыма аяқ киім түрлері»;

— «Шашақ жасаудың түрлері»;

— «Сәнді брошкалар жасау»;

— «Көркем бұйымдарды безендіру»;

— «Жаңа технологияны пайдалана отырып, жүннен сыйлықтық бұйымдар жасау»; — «Гипстен құмыра жасау».

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *