«Жастар лигасы» жобасы жүзеге асырылуда

Жас маманмен жұмыс – жас маманның кәсіби және тұлғалық дамуының қайнар көзі болғандықтан, білім беру үдерісіндегі маңызды жұмыстардың бірі. Білім беруде нәтижеге жету оңай жұмыс емес. Жас педагог алға қойған мақсатқа жету үшін үнемі шығармашылықпен жұмыс жасап, педагогикалық құзыреттілігін дамытып отыруы қажет.

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ТжКБ бөлімінің негізгі әдістемелік қызметінің бір бағыты – жас мамандардың әлеуметтік-кәсіби бейімделуін ұйымдастыру және  педагогтің жеке кәсіби шыңдалуына ықпал ету. Осыған орай, бөлім әдіскері Сейдахметова Б.Қ. тарапынан «Жастар лигасы» жобасы жүзеге асырылуда.

2023 жылдың 5 қаңтары күні Жоғары көлік және коммуникация колледжінде жас педагогтерге арналған «Студенттердің өзіндік және зерттеу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру» қалалық семинар-практикумы өткізілді.

Семинар барысында жас маманның кәсіби қызметіне табысты енуіне қолдау көрсету мақсатында студенттердің таным қабілеттерін жетілдірудің тәсілдері, оқыту нәтижелерін бақылау және бағалау әдістері, білім алушылардың жобалық іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары туралы практикалық ұсынымдар берілді. Семинар соңында колледждің Құзіреттілік орталығына экскурсия ұйымдастырылды.

Семинар-практикум жұмысына 65 жас педагог қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *