Тәлімгерлік –  жас мұғалімді кәсіби қалыптастырудың тиімді әдісі

        Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы мектеп бөлімі әдіскерлерінің ұйымдастыруымен 2023 жылғы қысқы демалыс кезіндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес  «Тәлімгерлік –  жас мұғалімді кәсіби қалыптастырудың тиімді әдісі» тақырыбында жас мамандардың тәлімгерлеріне арналған №92 мектеп-лицейінің базасында семинар өтті. Білім беру ұйымында жас мамандардың кәсіби өсуі үшін жағдай жасау, педагогикалық қызметке бейімделу, проблемаларын азайтуға және кәсіби қызметіне ықпал ету мақсатында өткен семинарды Әдістемелік орталық басшысының міндетін атқарушы С. Дауешова құттықтау сөзбен ашып, Мектеп бөлімінің басшысы А. Есематова семинардың мән-мағынасына тоқталып, сәтті өтуіне тілектестік білдірді. Бағдарлама бойынша тәлімгерлер Ш.Ташенова Ә. Бөкейхан атындағы №76 мектеп лицейі директорының бейіндік оқыту бойынша орынбасары, Р. Жумабаева   №74 мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, С. Шайсултанова №72 мектеп гимназиясының орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Қ.Шаяхметова №76 мектеп лицейінің география пәні мұғалімі, Э.Ибраева №92 мектеп –гимназиясының математика пәні мұғалімі,  А.Макетаева №38 мектеп лицейінің  химия пәні мұғалімі, Г.Закирина  №16 орта мектеп директорының бейіндік оқыту бойынша орынбасары, А.Алибекова №15 мектеп лицейі директорының бейіндік оқыту бойынша орынбасары, М.Власова №6 гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі, А.Смагулова, Ш. Кулдаева    №30 мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері, С.Жунусова №84 мектеп лицейінің  ағылшын тілі пәні мұғалімі, Мусабаева Э., №84 мектеп лицейінен жұмыстың қызығы мен қиындықтарын бөлісті. Сабаққа дайындық кезінде мұғалімдерге керекті нормативтік құжаттар бойынша М.Макаева  №27 мектеп лицейі директорының   оқу  ісі жөніндегі орынбасары, М.Кенжина №84 мектеп лицейі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары айтып берді.  №16  орта мектептің педагог-психологтары Р. Мухамедина, А. Макишева   «Сенімді мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, мұғалімдердің жеке тенденцияларын дамыту»         тақырыбында тренинг өткізді. Семинар соңы кері байланыспен, бір-біріне ризашылықпен  аяқталды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған