Мен оқыған бір кітап

Астана қаласы «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2023 жылғы 5 қаңтарда М. Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясында  білім беру ұйымдары педагогтеріне арналған «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылған «Мен оқыған бір кітап» READx форматында іс-шара өткізді.

Іс-шараның мақсаты – оқылған кітаптарды талқылауға жағдай жасау және оқушылардың оқырман қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетке деген қызығушылығын қалыптастыру, әдеби сөйлеуді дамыту үшін жағдай жасау.

Жоба барысында келесі педагогтер мен әдіскерлер тәжірибесімен бөлісті:

1. Нуршеков Ерғазы Манапұлы, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» IT және баспа қызметі бөлімінің әдіскері, Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша»

2. Жаркинбекова Күміс Киргизбаевна, №68 мектеп-гимназиясының бастауыш  сынып мұғалімі, Сайын Мұратбеков «Жабайы алма»

3. Сыдыкова Раушан Меллатовна, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» IT және баспа қызметі бөлімінің әдіскері, Әбіш Кекілбаев «Үркер».

4. Жұмабекова Айнагүл Мухамбетовна, №68 мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» кітабымен.

Соңында спикерлерге сұрақтар қойылып, сұрақтарға жауап алынды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған