«Сынып жетекшілерімен жұмыс» қалалық семинар

2023 жылғы 05 қаңтарында Әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес М. Дулатұлы атындағы №68 мектеп – гимназиясының  базасында «Сынып жетекшілерімен жұмыс» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинарды өткізудің мақсаты Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінің сынып жетекшілеріне, педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету болып табылады. Семинар жұмысына жалпы білім беретін мектептердің 120-дан астам педагогтары қатысты. Семинар аясында М.Дулатұлы № 68 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары. Ж. Т. Рүстемова «Сынып жетекшісі – тәрбие жүйесінің ұйытқысы» тақырыбында сөз сөйледі, «Білім-Инновация» лицей – интернаты директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Казжанова Зада Рахманқызы «Үштік одақ: ата-ана,мұғалім және білім алушы» лицейінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті, М. Дулатұлы № 68 мектеп-гимназиясының педагог-психолог Райгүл Жеңісқызы «Психологиялық ахуал» тренингін өткізді. Балалармен жұмыс істеу үшін сынып жетекшісі жоғары кәсіби құзыреттілікке ие болуы керек, арнайы педагогикалық технологияларды меңгеруі керек, сонымен қатар кең педагогикалық құралдарға ие болуы керек

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған