Психологиялық кеңес берудегі «Жеке терапия және супервизия» шеберлік сыныбы

2022 жылғы 23 желтоқсан күні   психологиялық сүйемелдеу бөлімімен «Жас психолог мектебі» аясында психологиялық «Кеңес берудегі жеке терапия және супервизия»  тақырыбында  шебер-сынып  өтті,  27 педагог-психолог қатысты.

      Мақсаты: жас мамандардың кәсіби өсуіне, кәсіби нәтижелеріне рефлексивті және сыни көзқарасты қалыптастыруға байланысты ерекше дағдыларды дамытуға, сондай-ақ мамандардың өз кәсіби деңгейі үшін жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.

       Семинар лекторлары Г. К. Капанова психологиялық сүйемелдеу бөлімінің басшысы психологтің жеке терапиясына және психологиялық диагностика мен түзетудің проективті әдістеріне бағытталған  тәсілдерді тәжірибеде көрсетті.       

        Бөлім әдіскері К.М. Хамзина  психологтер үшін өзін-өзі диагностикалау, өзін-өзі ашу және өзін-өзі реттеу әдістері мен жаттығуларын жүргізді. Шеберлік сыныбы  аяқталғаннан кейін педагог-психологтер практикалық материалдар, оларды пайдалану бойынша ұсыныстар алды және  жағымды  пікірлер қалдырды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған