Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің жоспарымен сәйкес 2022 жылғы 22 желтоқсан күні №8 «Думан» балабақшасы базасында «Жас психолог мектебі» оқыту курсы аясында «Балалармен жұмыста қолданатын шығармашылық әдістердің тиімділігі» тақырыбында іс-тәжірибе алмасу бойынша семинар өтті.
Семинардың мақсаты: Балалармен жұмыста шығармашылық әдістерді қолданудың тиімділігі бойынша тәжірибе алмасу.
Іс-шараға 25 педагог-психолог қатысты. №8 «Думан» балабақшасының педагог- психологтері шеберлік сыныптар өткізіп, іс — тәжірибелерімен бөлісті. Шеберлік сыныптар шеңберінде баланы дамытуда шығармашылық әдіс-тәсілдерді тәжірибеде тиімді қолданудың жолдары көрсетілді.
Семинар соңында жас педагог-психологтер мектеп жасына дейінгі баламен күнделікті жұмысқа қажетті пайдалы практикалық білім алғанын атап өтті.