Әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес желтоқсан айының 22 күні Астана қаласының «№3 Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» базасында «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен сенсорлық даму жұмыс істеудің негізі» тақырыбында жас мамандарға арналған семинар өткізді.
Іс-шарада арнайы педагогтер жас мамандарға өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, ерекше білімді қажет ететін балалармен жүргізілетін жұмыстарды, әдістерді қолдануды көрсетті. Қатысушылар семинар сонында алған әсерлерімен бөлісіп, әріптестеріне сұрақтар қойып, алдағы уақытта да тәжірибелік білімдерімен бөлісуді ұсынды.