Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп кітапханасының инновациялық қызметі

2022 жылғы 21-23 желтоқсанда Астана қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында «Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп кітапханасының инновациялық қызметі» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинардың мақсаты-кітапханашылардың кәсіби деңгейін арттыру, мектеп кітапханасы шеңберінде өз қызметін одан әрі жобалау үшін қолда бар кәсіби білім мен тәжірибені өзектендіру және жаңа кәсіби білім мен тәжірибе алу.

Семинарға Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінің кітапханашылары қатысты.

Семинардың тәжірибелік бөлігі Назарбаев Зияткерлік мектебінің электрондық ресурстарын мектеп кітапханашысының кәсіби қызметінде пайдалануға арналды. Сабақ барысында семинарға қатысушылар кітапхананың электрондық каталогымен, «Reading Man»  жобасымен, сондай-ақ «Clipchamp», «Cynzy» онлайн редакторларымен, сондай-ақ анықтамалық-құқықтық жүйелермен танысты.

Қорытындылау барысында педагогтар өз әсерлерімен бөлісіп, семинар-практикумның маңызды өткенін атап өтті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған