Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес 2022 жылғы 20 желтоқсан күні «№ 36 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Тиімді әдіс — тәсілдер – сапалы сабақ кепілі» атты қалалық оқыту семинары өтті.
Семинардың мақсаты: оқу мақсаттарына жетудің тиімді әдіс-тәсілдері бойынша тәжірибе алмасу, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру. Семинарға 35 мұғалім қатысты, 12 мұғалім шеберлік сыныптар өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар шеберлік сыныптар шеңберінде оқу-үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдерді, ақпараттық коммуникативтік техноло- гияларды ұтымды қолданудың жолдарын, рефлексия мен кері байланыс сабақтың міндетті кезеңі екенін ашып көрсетті. Семинар сонында мұғалімдер кері байланыс жасай отырып, осы семинардан өздеріне керекті құнды мағлұмат алғандарын атап өтті.